Тәжікстаннан келген Делегация және Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшы Еңбекшіқазақ ауданының МСАК-на барды

Тәжікстаннан келген Делегация және Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшы Еңбекшіқазақ ауданының МСАК-на барды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы 2018 жылдан бастап ҚР ДСМ үздік тәжірибелер орталығы болып белгіленді және осы кезеңнен бастап алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін қайта құру басталған болатын. Бірінші кезеңде терапевтік және педиатриялық бейіндегі учаскелік қызметтің орнына отбасылық ұжымдар құрылды. Жалпы практика дәрігерлерінен, медбикелерден, әлеуметтік қызметкерлерден және психологтардан тұратын кеңейтілген көпсалалы МСАК бригадаларын пайдалана отырып, МСАК практикасына қайта қаралған қызметтер көлемін жедел енгізу жұмыстары басталды.

Еңбекшіқазақ ММБ МСАК бүгінгі күні жоғары нәтижелер көрсетіп отыр: МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге көмекке жүгінгендер саны 10 есе өсіп, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге артты. Ал бейінді мамандарға жүгіну саны 20% - ға төмендеді.

"МСАК қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, жалпы практика дәрігерлерінің міндеттерін МСАК медбикелеріне практикалық қызметін кеңейте отырып беруге, ЖОО бойынша оқыту үшін жан басына шаққандағы нормативтердің ынталандырушы компонентін пайдалануға және патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізуге ерекше назар аударылады", - деп бөлісті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.