
19 мамыр 2023 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылындағы аурухананың спорттық алаңында ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күніне орай мектеп оқушылары арасында футболдан жарыс өткізілді.
Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімі ұйымдастырған жарысқа Қ.Әбсеметов атындағы №1 орта мектеп, №3 Қарғалы орта мектебі мен №2 лицейдің 10-11 сынып оқушылары қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Ауыл балаларының жасыл алаңдағы ойыны өте тартысты әрі қызықты болды. Нәтижесінде №2 лицей командасы жеңіске жетті.
Турнирге қатысып, үш орынды өзара бөлісіп алған үш командаға арнайы кубок, ал жекелеген үздік спортшыларға мынадай номинациялар тапсырылды: «Үздік ойыншы» - Асылбек Бердіниязов, «Үздік шабуылшы» - Болат Әділет, «Үздік қақпашы» - Арсен Жұмабаев, «Үздік қорғаушы» - Жәнібек Ұзақбаев, «Үздік жартылай қорғаушы» - Адайбек Көшербай мақтау қағазы, бағалы сыйлықтармен марапатталды.