
Қонаев қаласында Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылы үш айда атқарылған қызметінің нәтижесі мен жоспарлары туралы алқа отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Абдрахим Нұрлан Ерғалиұлының қатысуымен өткен отырыста медицина саласына қатысты барлық мәселелер талқыланды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Актаева Лязат Мейрашқызының басшылығымен өткен жиынға облыстың медицина мекемелерінің бас дәрігерлері мен орынбасарлары қатысты.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Серикбаева Лейла Пернебайқызы 2023 жылдың бірінші тоқсанында облыста атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол денсаулық сақтау саласында негізгі жұмыс "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт"ұлттық жобасы аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде соңғы үш жылда 15 нысан салынды (1 перзентхана, 10 ДА, 4 ФАП, және МП). Ағымдағы жылы жалпы сомасы 3,6 млрд. теңгеге 6 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында және Райымбек ауданы Нарынқол ауылында ауысымына 250 адам қабылдайтын 2 емхана (Кеген ауданы Нүсіпбеков ауылында және Еңбекшіқазақ ауданы Қызылшарық ауылында 2 ДА, Райымбек ауданы Комирши ауылының МП, сондай-ақ, ФАП Балқаш ауданының Ақдала ауылына, Ұйғыр ауданының ОАА-да сейсмикалық күшейту жұмыстары жргізілуде).
Сонымен қатар, 1,0 млрд. теңге қаржыға 20 блок-модульдік конструкция орнатылатын болады.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы шеңберінде 2023 - 2024 жылдары 38 нысан салу жоспарланған.
-Облыс орталығын дамыту жобасы бойынша Қонаев қаласында 5 нысан салу жоспарланған: 350 төсектік көпбейінді аурухана, ауысымда 500 келушіге арналған емхана, инфекциялық аурухана, перзентхана бөлімшесінің жанына қосымша ғимарат, сот сараптамасы ғимараты. Сонымен қатар онкологиялық қызметті жаңғыртудың кешенді жоспары шеңберінде Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының радиологиялық және диагностикалық корпустарына қосымша ғимарат салу жоспарланып отыр, - деді Лейла Пернебайқызы.
Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 79% - дан 91% - ға дейін өсті.
Облыстың медициналық ұйымдарында 7 компьютерлік, 2 магнитті-резонанстық томографтар, 2 ангиограф аппараты, 30 рентген аппараты және 306 өкпені жасанды желдету аппараты, 7 оттегі станциясы, 2 экстракорпоралды мембраналық оттегімен қанықтыру аппараты бар.
Облыста дәрігерлердің тапшылығы 125 маманды құрайды.
Кадр тапшылығын азайту үшін, облыс бюджетінен жыл сайын 283,3 млн. теңге бөлініп, медициналық жоғары оқу орындарында 149 резидент білім алуда. Сонымен қатар, облыс әкімінің гранты бойынша 38 студенттер оқып жатыр.
2022 жылдың тамыз айында резидентураның 51 түлегі облыстағы медициналық ұйымдарға жіберілді.
Сонымен қатар жиында халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, жедел жәрдем қызметі, ана мен бала денсаулығы, қан айналым жүйесінің аурулары және онкологиялық қызметке талдау жасалып, баға берілді.