
Алматы қаласында «Ана мен Бала» халықаралық ғылыми-білім беру форумы өтті.
Репродуктивтік денсаулықты, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу - диагностикалық іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми жетістіктермен және клиникалық тәжірибемен алмасу мақсатында форумға Алматы облысының медициналық генетик дәрігерлері және әртүрлі мамандықтардың жетекші мамандары: акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, неонатологтар, педиатрлар, медициналық генетиктер, зерттеудің функционалдық әдістерінің мамандары (УДЗ, КТГ), акушерлер, мейіргерлер қатысты.
Форум сындарлы көпжақты диалог үшін беделді алаң болып табылады. Онда ҚР, жақын және алыс шетелдердің жетекші профессорлары баяндама оқып, тақырыптық пікірталастар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.