Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының ұйымдастыруымен өткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Дудник Вячеслав Юрьевич онлайн режимде қатысты. Сонымен қатар Тәжікстан делегациясының өкілдері болды.
Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Актаева Лязат Мейрашқызы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы үздік тәжірибелер орталығы – МСАК-тың 2018 жылдан бері жеткен жетістіктері туралы ашып айтты.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы 2018 жылдан бастап ҚР ДСМ үздік тәжірибелер орталығы болып белгіленіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін қайта құру басталды. Бірінші кезеңде терапевтік және педиатриялық бейіндегі учаскелік қызметтің орнына отбасылық командалар құрылды.
-Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аураханадағы МСАК бүгінгі күні керемет нәтижелерге қол жетізді, мысалы МСАК медбикелері мен әлеуметтік қызметкерлерге көмек сұрап жүгіну саны 10 есеге өсті, отбасылық дәрігерлерге жүгіну саны үш есеге артып, бейінді мамандарға жүгіну саны 20% - ға төмендеді. Бұдан өзге, ауруханаға негізсіз емдеуге жатқызу және мамандандырылған қызметтер мен жедел жәрдем қызметтерін пайдалану азайып, МСАК қызметі жақсарды, - деді басқарма басшысы.
Бұл ретте МСАК қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға, жалпы практика дәрігерлерінің міндеттері мен МСАК медбикелерінінің практикалық қызметін кеңейтуге, жан басына шаққандағы нормативтердің ынталандырушы компонентін ауруларды басқару бағдарламасын меңгеруге пайдалануға және патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізуге ерекше назар аударылады.
Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 18 сәуірдегі №228 "Қазақстан Республикасының инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында үздік практика орталықтарын дамыту туралы" бұйрық шығарды. Бұйрық негізінде Алматы облысына МСАК көрсету платформасының базасында еліміздің 20 облысының медициналық ұйымдарының 156 өкілі оқуға жіберілді. ДСМ еліміз бойынша үздік тәжірибелер орталықтарын құру үшін 47 МСАК медициналық ұйымын анықтады.
Алматы облысы бойынша облыстық орталығындағы көпсалалы Қонаев қалалық ауруханасы және Кеген орталық аудандық ауруханасында МСАК орталығын құру жоспарланған.