
18 мамыр 2023 жылы Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің мамандары ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Дүниежүзілік күніне орай Талғар аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күнін өткізді.
Эпидемиолог дәрігер Айгерім Сұлтанова ем алушыларға атаулы күннің маңызын түсіндірді. АИТВ жұқпасының берілу, алдын алу шаралары жайлы дәрігерлік кеңестерін беріп, ақпараттық-оқыту құралдарын таратты.
Талғар аудандық Сенім бекетінің медбикесі Ғалия Әубәкірова тілек білдіргендерге АИТВ-ға тегін жедел тестілеу жасады. Нәтижесінде 50 адам өз АИТВ-статусын білді.