Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Лязат Актаева Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Лязат Актаева Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Актаева Лязат Мейрашқызы Ұйғыр ауданына жұмыс сапарымен барды. Басқарма басшысы Ұйғыр аудандық ауруханасының тұрғындар денсаулығын жақсарту жолында атқарып отырған жұмыстарымен танысты.

Лязат Мейрашқызы аурухананың қабылдау бөлімі, жансақтау бөлімі мен босану бөлімдерін көріп, талапқа сай жұмыс істеу барысын талқылады.

Сонумен қатар аурухана басшылығына медицина қызметкерлерінің тұрғындарға сапалы қызмет көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.