
"Денсаулық пойызының" мамандары ең шалғайдағы станция тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек көрсетуді дәстүрге айналдырды. Өткен екі күннің қорытындысы бойынша ғана Арна, Заречный, Шеңгелді ауылдарының 500-ге жуық тұрғыны медициналық және кеңес беру қызметін алды, оның 15% - балалар. Тұрғындарға жеңіл оталар жасалып, стоматологиялық көмек көрсетілді.
Шалғайдағы ауыл тұрғындары білікті: жалпы тәжірибелік дәрігер, тіс дәрігері, окулист, ЛОР, хирург, уролог, маммолог, педиатр және т.б. мамандардан тегін тексеруден өтуге мүмкіндік алды. Пойыз заманауи диагностикалық және медициналық құрал-жабдықтармен, УДЗ, рентген аппаратымен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған.
Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Қазақстан Темір жолы»АҚ ҰК - «Әлеуметтік жобалар» қорымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Ауыл тұрғындары көрсетілген медициналық көмекке ризашылдықтарын білдіріп, қолдау көрсеткен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қазақстан Республикасындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша үлкен зерттеу жүргізу барысында респираторлық аурулармен ауыл тұрғындарының жиі ауыратыны анықталды. Екінші орында – ас қорыту жүйесінің аурулары және үшінші орында – қан айналымы жүйесінің аурулары.