Бүгін Қазақстанда халықаралық өкпе демікпесімен күрес күні аталып өтеді

Бүгін Қазақстанда халықаралық өкпе демікпесімен күрес күні аталып өтеді

Мамыр айының алғашқы сейсенбісінде, әлемнің 80-ге жуық елінде, оның ішінде Қазақстанда да халықаралық өкпе демікпесімен күрес күні аталып өтіледі. Бұл дертке осынша назар аударылуы тегіннен-тегін емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, өкпе демікпесімен 300 миллионға жуық адам аурырады екен. Елімізде бұл сырқаттың саны жыл сайын өршу үстінде.

Өкпе демікпесін кейде өркениет ауруы деп те атайды. Соңғы 20 жылдың ішінде елімізде бұл аурудың саны екі еседен артық өскен. Емделмейтін ауру болғанына қарамастан, науқастар уақытылы дәрі қабылдай отырып толыққанды өмір сүруге және қызмет етуге мүмкіндігі бар. Қазақстан - кеңес елдері ішінде өкпе демікпесімен тіркеуде тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек беретін бірден-бір ел.