Облыстың акушер-гинекологтары семинарға қатысты

Облыстың  акушер-гинекологтары семинарға қатысты

Ағымдағы жылдың 25 және 29 сәуірі аралығында Астана қаласында ҰҒАМБОрталығының базасында Ресей Федерациясының профессоры В.Е.Радзинскийдің қатысуымен өткен «Жедел акшерлік жағдай кезінде жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы әдістері» атты семинарға еліміздің жетекші акушер-гинекологтары қатысты. Өзекті мәселелер көтерілген семинарды «Аяла» Қоры ұйымдастырған, аталған шараға Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы мамандандырылған ауруханасы директорының ана мен бала денсаулығын мәселелері жөніндегі орынбасары А.Б.Омарбекова қатысты. Сонымен қатар, аурухананың акушер-гинеколог дәрігерлері оқыту семинарына онлайн режимінде де қатысты. Біздің дәрігерлер осындай танымдық қажетті оқыту семинарына қатысуына алған мүмкіндігі мен ұйымдастырылуына өз алғыстарын білдіргенін атап өту керек