Еңбекшіқазақ ауданаралық ауруханада республикалық деңгейдегі шара өткізілді

Еңбекшіқазақ ауданаралық ауруханада республикалық деңгейдегі шара өткізілді

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы мамандандырылған ауруханасында республикалық деңгейдегі шара өткізілді. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының елдік стратегиялар және денсаулық сақтау жүйелері бөлімінің директоры - Natasha Azzopardi, бастапқы медико-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы – Melitta Jakab, еліміздің барлық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Алматы облысының әкімдігі, шараға қатысушылар ЕАКМА қызметімен танысты. Жұмыс барысында қонақтар мен қатысушыларға біздің ауданның тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті жақсарту мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға арналған жетістіктер мен қазіргі заманғы енгізілген жаңалықтармен танысты.

ДДСҰ БМСК Демонстрациялық алаңының Еңбекшіқазақ АКМА үлгісінде бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибесінің алдыңғы қатардағы моделі тәжірибесімен, қабылдау бөлімшесінің триаж жүйесімен және қабылдау бөліміндегі пациенттер бағытымен танысқан қатысушылар ЕАКМА жұмысын жоғары бағалады. Біздің мақсатымыз – тұрғындарға сапалы әрі заманауи көмек көрсету, ал қол жеткізген жетістігімізбен әріптестерімізбен бөлісуге әрқашан дайынбыз.