Еңбекшіқазақ ауданында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа кеңесінің отырысы өтті

Еңбекшіқазақ ауданында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтарға бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету үздік тәжірибесін трансляциялауды қамтамасыз етуге арналған көшпелі алқа кеңесінің отырысы өтті. Алқа кеңесінің күн тәртібіне қойылған бағдарламасы өте ауқымды болды, алқа кеңесінің жұмысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сөз бастады, сонымен қатар БМСК жетістіктерін және Еуропалық аймақтарда денсаулық сақтау қызметімен жалпылай қамту жолындағы денсаулық сақтау саласын күшейту тақырыбындағы баяндамамен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының елдік стратегиялар және денсаулық сақтау жүйелері бөлімінің директоры - Natasha Azzopardi, бастапқы медико-санитарлық көмек жөніндегі ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы – Melitta Jakab өз пікірлерін білдірді.

Өңірлік көрсеткіштер (медико-демография, өтініш-шағымдар, тұрғындардың медициналық көмекке қанағаттануы) және аймақтар рейтингінің қалыптасуы бойынша мәселелер денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің баяндаасында көтеріліп, өз кезегінде көш басиаған және   аутсайдер аймақтардың Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары алқа кеңесі жұмысының проццесінде ойларымен бөлісті.

Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы мамандандырылған ауруханасының директоры Жәмилә Әбеуова ДДСҰ БМСК Демонстрациялық алаңының Еңбекшіқазақ АКМА үлгісінде бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибесінің алдыңғы қатардағы моделі тәжірибесімен таныстырды, осы тәжірибе еліміздің барлық айймақтарына енгізілетіндігі айқындалды. Атап өтері, бұл – Денсаулық сақтау министрілігінің тәжірибе  енгізілген аймақ тәсілін зерттеп- -танысу қағидасын ұстанған алғашқы аймақтағы көшпелі алқа кеңесі. Біздің әріптестер өз тәжірибесімен бөлісе отырып, еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қосатындарына нық сенімді.