
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Алматы облысына жұмыс сапары шеңберінде өңір тұрғындарына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ жетекші бейінді мамандары аймақтарды аралады.
Білікті дәрігерлер бригадасында "Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығының" ортопед-дәрігері-Хамза Ризаұлы Бадиров болды.
Ол Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының травматология бөлімінің дәрігерлерімен бірге бөлімде жатқан науқастарға диагностикалық кеңес берді.
Жалпы алғанда, дәрігер тірек-қимыл аппаратының әртүрлі жарақаттары мен бұзылуларына маманданған.