
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жылдығын мерекелеу және Халықаралық Денсаулық күніне орай Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары Алтай Сердірұлы Көлгінов, Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшының м.а. Лейла Пернебайқызы Серікбаева ресми сапармен келді.
«Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, қабылдау бөлімшесіне арналған кіру бөлігін реконструкциясы, ЕКОАА ЧКВ ашу мақсатында медициналық жабдықтармен (МРТ, ангиограф) толықтай жабдықтау мәселелері талқыланды.
Алшақ орналасқан ауылдық мекен-жайларында медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге басты назар аударылды: дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік акушерлік пункттердің жүйесін дамыту, бастапқы медико-санитарлық көмек көрсететін тозығы жеткен және ескі ғимараттардың орнына жаңа ғимараттар салыну қажеттілігі ескерілді.
Вице-премьер А.С.Көлгінов жаңғыртудың басты мақсаттардың бірі – инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жедел жағдай кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін «алтын уақыт» қағидасын сақтауды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті.
Сонымен қатар, кадр тапшылығы мәселесін көтеріп, Алматы облысы әкімдігіне ауылдық жерлерде дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету бойынша бағдарламалар әзірлеу арқылы жас мамандарды жұмысқа тартуға болатын міндеттерді айқындады.
Өз сөзін қорытындылай келе, вице-премьер А.Көлгінов ЕКОАА ұжымын мерекемен құттықтап, ДДСҰ бірлесе енгізіліп отырған жоғары жетістіктерге айрықша көңіл аударып, біздің ұйымның БМСК жұмысының жаңа моделін енгізу бойынша көшбасшы мекеме болып отырғандығын және БМСК бойынша Демонстарциялық платформасы болып айқындалғандығын атап өтті.