Клиникада Ашық есік күні өтті

Клиникада Ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары  25 наурызда Қазақ онкология және радиология ҒЗИ іс-шаралар жоспары аясында Ашық есік күнін өткізді.  Жоспарға сәйкес 2023 жылғы наурызда Қазақстанда "колоректальды қатерлі ісік туралы хабардар болу айы", сондай-ақ халықаралық адам папиллома вирусы күні қарасаңында өткізіледі.  

 

Іс-шараның мақсаты - тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісігінің алдын алу және ерте анықтау, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, скринингтік тексерулер кезінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, білім деңгейін арттыру арқылы онкологиялық сақтықты және өз денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру.

 

Ашық есік күні дәрігерге қаралған барлық пациенттерге жатыр мойны патологиясының проблемалары , ішек қатерлі ісігінің алдын алу туралы жоғары білікті кеңес берілді , жатыр мойны мен ішектің фондық процестерін одан әрі емдеу және бақылау тактикасы бойынша ұсыныстар берілді.

 

Алматы облысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктері бар 10126 науқас есепте тұр.

 

Колоректальды қатерлі ісіктің негізгі белгілері:

  -шаршау;

  - әлсіздік;

  - ентігу;

  - дефекация ритмінің бұзылуы;

  - іш қату немесе диарея;

  - нәжістегі қан қоспасы;

  - арықтау;

  - іштің ауыруы;

  - құрысулар мен кебулер