Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сайлауда өз таңдауын жасады!

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері  сайлауда өз таңдауын жасады!

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының 622 қызметкері және 236 емделушісі бүгінгі өткен сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады!

Ауруханада уақытша сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру мүмкіндігі мекеме қызметкерлеріне және емделіп жатқан науқастарға берілді. Сайлау комиссиясының мүшелері науқастардың дауыс беру рәсіміне ерекше жауапкершілікпен қарап, дауыс беру құпиясын сақтау үшін науқастарға кезекші медбикеден бюллетеньдер алып, содан кейін палатаға барып, бюллетеньде кандидатты немесе партияны белгілеп дауыс берді.

 

Кейбір науқастардың қозғалу мүмкіндігі болмағандықтан, дауыс беру урналары науқастардың палаталарына да жеткізілді.

"Мына көшпелі урнаның арқасында мен өз таңдауымды жасай алдым. Мен мұндай маңызды іс шараларды мүлдем жібермеймін, өйткені менің дауысым ел үшін маңызды", - дейді ауруханадағы науқастардың бірі.