
Балқаш аудандық орталық ауруханасына «Доктор Кравцов көз аурулары клиникасының» дәрігері Ермек Есенов келіп, тұрғындарды тексеруден өткізді.
«Доктор Кравцов көз аурулары клиникасы» 2021 жылдан бастап МӘМС жүйесінде (портал бойынша) офтальмологиялық операциялар бойынша білікті медициналық қызметтер көрсетеді. Жалпы клиника 2016 жылдан бері көз ауруларын және офтальмологиялық операциялардың барлық түрлерін жүргізеді. Клиника офтальмологияға арналған заманауи диагностикалық және микрохирургиялық жабдықтарымен жабдықталған.
Ауруханаға арнайы келген көз дәрігері Ермек Есенов Балқаш ауданының 40 тұрғынын тексеруден өткізіп, кеңес берді.