
2022 жылғы 9 желтоқсанда өткен "Урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңа тәсілдер" тақырыбындағы ғылыми конференция, осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі болды. Конференцияны С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің урология кафедрасы және ШЖҚ "Ұйғыр орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұйымдастырды.
Ғылыми конференция аясында урологиялық науқастарға шағын инвазивті араласулар бойынша мастер-класс өткізілді. Өткізілген іс – шараға С. Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің урология кафедрасының мамандары қатысты, атап айтқанда эндо-урологтар тобы:
Дәурен Исахович Сенгирбаев "Ұлттық Медицина Университеті" урология кафедрасының профессоры, жоғары санатты дәрігер;
Аманжол Жалауович Суранчиев "Ұлттық Медицина Университеті" урология кафедрасының доценті, жоғары санатты уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, урология кафедрасында резидент дәрігерлерді оқыту бөлімінің басшысы;
Абдулла Дүйсенбекович Нисанбаев "Ұлттық Медицина Университеті" урология кафедрасының доценті;
Айнұр Ислямовна Нуфтиева Қ.Сағадиев атындағы УМБ IMS деканы;
Жанар Женисовна Нұрғалиева С. Д. Асфендияров атындағы ҰМУ балалар аурулары кафедрасының профессоры;
Айдар Исабекович Каимбаев медицина ғылымының кандидаты;
Медет Токтасынович Батырбеков медицина ғылымының кандидаты;
Асхан Зауалмаханович Абзалбеков лапароскопиялық технологияны меңгерген хирург-уролог, докторант;
Гүлнара Ахметказиевна Испосунова медицина ғылымының кандидаты;
Конференцияда келесі мәселелер талқыланды:
Теориялық бөлімнен басқа хирургиялық араласудың шеберлік сыныбы өткізілді:
Онлайн трансляцияланған мастер-класс өткізу кезінде урология кафедрасының профессор-оқытушы құрамының басшылығымен және орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бағдарламасы бойынша жаңа жабдықты пайдалана отырып, жасалған жоғары технологиялық операциялар сәтті орындалды. Бұған дейін осындай күрделі урологиялық оталар жасату үшін, науқастар Қазақстан Республикасының басқа қалаларының ірі медициналық орталықтарына баруға мәжбүр болатын. Осылайша, орталық аудандық аурухана Алматы облысы бойынша урологиядағы шағын инвазивті жедел араласу технологиясын дамытудың пионері болды.
Ең бастысы, бұл - орталық аудандық аурухана жағдайында, әдеттегі хирургиялық әдістерге лапароскопиялық, эндо-урологиялық хирургиялық араласудың түрлері ретінде, урология мен андрологиядағы әлемдік инновациялық операциялық технологияны қолданылған, ауылдық жердегі медицина дамуындағы орасан зор серпіліс болды.
Урологияда лапароскопиялық хирургияға арналған қолданылған аспаптар және KARL STORZ компаниясының эндо-урологиялық құрылғысы, заманауи медицинаның дамуына прогрессивті көзқарасы мен іскер ақыл-ойы бар, аудандық аурухана директоры Айдын Молдашович Еликбаевтың күш-жігері мен табандылығының арқасында алынды. Жоғарыда аталған бренд, әлемдік медициналық практика мойындаған минималды инвазивті операциялық технологиясының көшбасшысы болып табылады.
Облыстық деңгейдегі ғылыми конференцияға қатысушыларды құттықтап, С. Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің урология кафедрасының профессоры, жоғары санатты уролог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Дәурен Исахович Сенгирбаев сөз сөйледі.
"Ұлттық Медицина Университеті" урология кафедрасының доценті, жоғары санатты дәрігер Аманжол Жалауович Суранчиев, дәл осы әлеуметтік-медициналық әсердің осы конференцияны, мастер-классты өткізудің негізгі идеясы болғанын атап өтті және академик Мырзакәрім Каримович Алшынбаевтың құттықтауын жеткізді.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушыларды Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханович Бағбаев құттықтады. Ол аудандағы денсаулық сақтау мекемесі үшін осындай маңызды оқиғаны атап өтіп, жоғары бағасын берді және ғылыми конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Бүгінгі күні операциядан кейінгі кезеңде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оңалу динамикасы байқалады.