
Талғар аудандық орталық ауруханасы директорының бұйрығымен Талғар ауданының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында дәрігерлік бригада ұйымдастырылды.
Топ құрамына эндокринолог Ғалия Пирмағанбетқызы Сейтматова, невропатолог-Сейтқали Үкебайұлы Нұрғожаев, кардиолог - Данияр Мақашұлы Асылбеков және хирург - Дастан Бағдатұлы рустенбаев кірді.
Бірінші кезекте көшпелі топ мүшелері Бесағаш және Қызыл ту ауылдарына барып, 200-ге жуық азаматқа кеңес беріп, кейбіреулеріне стационарлық ем қабылдауға жолдама берді.
- Медицина барлығына қол жетімді болуы керек. Біз өңірдің түкпір-түкпірінен келген науқастары өз кабинетімізде қабылдауға әрқашан дайынбыз, бірақ осы шалғай елді мекендерге барып, науқастарға кеңес беру үшін арнайы келдік, - деп бөлісті эндокринолог дәрігер Сейтматова Ғалия Пирмағанбетқызы.