Алматы облысының медициналық мекемелеріне халықты тіркеу науқаны қалай өтуде

Алматы облысының медициналық мекемелеріне халықты тіркеу науқаны қалай өтуде

15 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті (МСАК) ұйымдастыруға еркін тіркелу науқаны басталды. Алматы облысының тұрғындарын тіркеу науқаны қалай өтіп жатқанын Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева айтып берді.

Спикердің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына тіркелу ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде жоспарлы медициналық көмектің толық спектрін алу үшін қажетті шарт болып табылады. Тіркеу науқанына барлығы 33 медициналық ұйым қатысты. Олардың ішінде 2023 жылдан бастап медициналық сақтандыру қорымен шарт шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсете бастайтын 7 жаңа ұйым бар.

"Облыс тұрғындарының емхананы таңдау мүмкіндігі 2022 жылдың 15 қарашасына дейін екі ай бойы жүргізілді. Бұл мүмкіндікті облыстың 40 861 тұрғыны пайдаланып, емхананы ауыстырды. Бүгінгі таңда облыстың медициналық ұйымдарында 1 564 285 адам тіркелген. Сондай-ақ, тіркеу науқанынан тыс уақытта азаматтар әрдайым бірнеше жағдайда МСАК ұйымын өзгерте алады. Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, егер ол орналасқан емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса, сондай - ақ еркін таңдау шеңберінде жылына 1 реттен көп емес болса", - деді Лейла Пернебайқызы.

Сонымен қатар, дәрігерлерге жүктемені және кезек санын азайту мақсатында тіркеуге лимит енгізіледі – бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам, бұған дейін бұл көрсеткіш бір дәрігерге 2000 адамды құрады.

 Сондай-ақ, спикер өз баяндамасында 2019 жылдан бастап азаматтар емханаға тіркелу үшін E-gov порталы арқылы медициналық ұйымды ауыстыру бойынша мемлекеттік қызметті пайдаланатынын атап өтті. Бекіту процесін автоматтандыру осы уақытқа дейін болған "тіркеулердің" алдын алуға көмектеседі. Тіркеу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарға тіркелген халық санын ескере отырып, 2023 жылға қаржыландыру жоспарланатын болады. Қор деректер базасының абсолютті дұрыстығына мүдделі, себебі әрбір тіркелген тұрғын үшін ай сайын медициналық ұйымдарға жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Алайда, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың көмегіне жүгіну, қымбат тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылушы болу қажет.

Әр адам сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қордың сайтында және Telegram-да SaqtandyryBot арқылы білуге болады.