
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков жұмыс сапарымен Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келді.
Өңір басшысының орынбасары және денсаулық сақтау басқармасы басшысын мекеме әкімшілігі бас директор Жұмағали Исмаилов, директордың м.а. Марат Күзеекев және директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары – Дүкен Мұқашев, бөлімше меңгерушілері, бас медбике және аурухананың кіші медициналық персоналы қарсы алды.
"Аурухана 2020 жылы сенімгерлік басқаруға берілді. Аурухана берілгеннен бері үлкен өзгерістер болды. 2 жыл ішінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы кредиторлық қарызын төлеп, Ұлттық аккредиттеу бойынша бірінші санатты алды. Бұдан басқа, 16 бірлік жаңа жабдық сатып алынды. Шұғыл және жоспарлы түрде түскен пациенттерге арналған 2 қабылдау бөлімшесі, жаңа туған нәрестелер патологиясы және шала туылған нәрестелерді күту бөлімшесі, кардиореанимация бөлімшесі, медициналық көмектің менеджменті және сапасын қамтамасыз ету департаменті және ПТР зертханалары ашылды. Сондай - ақ, 2021 жылдан бастап ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды", - деді бас директор Жұмағали Қазыбайұлы.
Сондай-ақ, ол клиниканың ең күрделі науқастарды уақтылы диагностикалау және емдеу мүмкіндігі бар екенін және заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталғанын айтты. Дәрігерлердің арсеналында: компьютерлік томограф, бауыр фиброзын инвазивті емес өлшеу аппараты ("Фиброскан" – Франция), стационарлық рентген-диагностикалық "ардилгност", "Дорниер" медициналық лазерлік жүйесі - Германия, "Ангиограф-Аллюра" - Нидерланды, рентгенологиялық және ангиографиялық жүйесі бар ЭОП электронды-оптикалық түрлендіргіші, қазіргі заманғы наркоз аппараттары бар (Германия, АҚШ), Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған көлік инкубаторы, 4 эндоскопиялық тіректер (Германия). Қолданыстағы жабдық инвазивті емес әдістермен науқастардың патологиялық жағдайларын тез және тиімді диагностикалауға мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында әкімнің орынбасары ауруханадағы ағымдағы жағдаймен танысып, жаңа бөлімшелерге барып, мекеме қызметкерлерімен әңгімелесті.
Сонымен қатар, Лаззат Махатұлы құрылыс алаңына барды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жаңа ғимараттар ашылады.