Қызықты эстафета жастар көңілінен шықты

Қызықты эстафета жастар көңілінен шықты

28 қараша 2022 жылы «Теңдік уақыты» акциясына орай Қонаев қаласында Көпсалалы колледжі  және Көпсалалы үздіксіз білім беру колледжі  студенттері арасында қызықты эстафета өткізілді.

Жас спортшыларға Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Л.Абдукаримова Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің мақсаты мен ұранын айтып, денсаулықты сақтаудың жолы – түзу мінез-құлық пен салауатты өмір салты екенін түсіндірді.

Арқан тарту, қолкүрес ,т.б. эстафеталық ойындармен қатар қабырғалық суреттердің де жарысы өткізілді.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жастарға акцияға белсене қатысқаны үшін Көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің директоры А.Абдуғалиева алғыс білдірді.

Акцияға 40 адам қатысты.