
Талғар аудандық орталық аурухана директорының бұйрығымен дәрігерлік амбулаторияларда түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұмыс процестерін оңтайландыру және Талғар ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында көшпелі топ ұйымдастырылды.
"Кездесу барысында біз жалақы және бүгінгі күнгі жұмыс барысы туралы мәселелерді талқыладық. Дәрігерлермен, медбикелермен, тазалықшы қызметкерлермен жеке-жеке сөйлесіп, барлық сұрақтарына жауап бердік", - деді МСАК басшысы А. А. Сәдібеков.
Кездесу барысында А-КЛАСС-МЕДИКАЛ және Талғар аудандық орталық аурухана басшылығы медициналық мекемелер қызметкерлерінің барлық ұсыныстарын назарға алды.
Естеріңізге сала кетейік, көшпелі топтың құрамында А-КЛАСС-МЕДИКАЛ басшылығы, эпедимолог дәрігерлер, сарапшы дәрігерлер, аудиторлар, провизорлар, әкімшілік-шаруашылық кадрлар, бухгалтер, заңгерлер, директордың ОМД, МСАК жөніндегі орынбасарлары, бас дәрігер және А-КЛАСС-МЕДИКАЛ ЖШС-нің бас директоры бар.