Тәжікстандық әріптестер бастапқы медико-санитарлық көмек бойынша тәжірибе алмасуға келді

Тәжікстандық әріптестер бастапқы медико-санитарлық көмек бойынша тәжірибе алмасуға келді

Жетістігіміз  - мақтанышымыз! Жақсылық жаршысы  - жақсы хабар. Біздің БМСК көпсалалы командалардың үздік тәжірибелері еліміздегі әріптестерімізге ғана емес,  сонымен қатар шетелдік әріптестерімізге де үлгілік танытып отыр. 2022 жылдың 7 қарашасында бастапқы медико-санитарлық көмекті дамытудың басымдылық бағыттарына, БМСК көпсалалы бригада мүшелерінің атқарар қызметін кеңейту мен өзгертуге арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан және Тәжікстан республикалары денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері мен БМСК жөніндегі ДДСҰ Еуропалық офисінің басшысы қатысты. Атап өтер болсақ,  үстіміздегі жылдың наурызында ДДСҰ Еуропалық бюросы инновациялық бастама  - БМСК Демонстрациялық платформасын Алматы  облысы Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасының базасында енгізген болатын. Осы игілікті шараның жетістігімен танысуға бүгін келген Тәжікстандық әріптестеріміз БМСК реформаларының тың жаңалықтарымен танысқан үшінші шетелдік мемлекет,  өйткені осыған дейін біздің қол жеткізген жетістіктеріміз Өзбекстан және Қырғызстаннан келген әріптестерімізге үлгі болғаны мәлім. Бастапқы медико-санитарлық көмектің үздік модульдары мен үлгілерінің трансформациясын жоғары бағалаған шетелдік әріптестеріміз оңтайлы жетістікке қол жеткізуге болатынын жоғары бағалады. Бірлік пен ынтымақтастықта,  күш-жігерімізді салып, қол жеткізген жетістіктігіміз  - біздің командалық жұмысымыздың жемісі  мен жеңісі!