Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков Стамбулда "Пандемиядан кейін жаһандық денсаулық сақтауды нығайту"тақырыбында өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты. 

Конгресстің негізгі мақсаты шетелде тұратын және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін түркі ғалымдарын, олардың Түркиядағы әріптестерін біріктіру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жетекші елдердің қатарына кіру арқылы денсаулық сақтау ғылымдарын дамыту саласындағы қатысушы елдердің әлеуетін арттыру болып табылады.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет 2022 жылы тәжірибе алмасудың жаңа инновациялық әдісін – Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық аурухана базасында Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің демонстрациялық платформасын іске қосты. МСАК-ты қайта құру процесі басталды. Терапевтік және педиатриялық бейіндегі учаскелік қызметтің орнына отбасылық учаскелік командалар құрылды, отбасылық денсаулық орталығы ашылды, отбасылық дәрігерлерден, МСАК медбикелерінен, әлеуметтік қызметкерлерден, психологтардан тұратын кеңейтілген көпсалалы командалардың жұмысы көпсалалы тәсіл негізінде жолға қойылды", - деді ол өз сөзінде.

Қазіргі уақытта тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсаты болып табылатын "Қоғамдық қабылдау", "Халық Кеңесі" сияқты Халықпен жұмыс жөніндегі жобаларды іске асыру жолымен медициналық қызметтердің сапасын жақсартуды бақылау процесіне халықты тарту бойынша жұмыс жолға қойылған. "Дені сау ауыл" жобалары да жұмыс істейді. "Дені сау ұлт", "үйдегі дәрігер", "ана мен бала денсаулығы", "ер адамның ұзақ өмір сүруі", "психикалық денсаулықты қорғау" жобалары аясында жастар денсаулық орталығы ашылып, заманауи ақпараттық жүйелер енгізілді.