Денсаулық сақтау басқармасы 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Денсаулық сақтау басқармасы 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Қонаев қаласында Алматы облыстық  Денсаулық сақтау басқармасы медицина саласында 9 айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы биыл Алматы облысында шамамен 38 жаңа медициналық нысан салынатынын айтты.    

Биылғы жылы облыста қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім төмендеген. Шалғай ауыл тұрғындарын жылжымалы медициналық пункттің бейінді мамандары дер кезінде  тексеруден өткізуі, алдын алу жұмыстары  өз нәтижесін бере бастады. Соның арқасында көптеген аурулардың алдын алуға мүмкіндік туып отыр деді басқарма басшысы. Сонымен қатар облыста  эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын атап өтті.

          «Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бірақ ауруханаға түскен пациенттердің жағдайын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Қазіргі уақытта облыстағы барлық емдеу мекемелері ӨЖЖ аппараттарымен толықтай  жабдықтап, ауруханаларға рентген аппараттары орнатылды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

          Облыстың медициналық ұйымдарында кадр тапшылығын азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста маман тапшылығы 137 дәрігерді құрап отыр. 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек денсаулық сақтау жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Бұл халыққа көрсетілетін барлық медициналық көмекті үйлестіру қызметі. Медициналық көмектің 80%-ы алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдардан алынуы тиіс. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеген болатын. Сондықтан  басқарма басшысы алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын жақсартуды тапсырды. 

Өткен алқа отырысында облыстағы емдеу мекемелерінің басшылары да тыңдалды.