
Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары 22 қазан күні әйел қауымы үшін кезекті Ашық есік күнін өткізді. Дүниежүзінде ісік ауруы бойынша бірінші орында тұрған сүт безі обырының алдын алу мақсатында аталған клиника қазан айының әр сенбісі күні Ашық есік күнін өткізіп жатыр.
22 қазан күні онкомаммолог пен онкогинекологтың тексерілуіне 94 Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары келді. Атап айтқанда онкомаммолог 50 пациентті, онкогинеколог 12 пациентті тексеруден өткізіп, кеңесін берді. Сонымен қатар 32 пациентке ультра дыбыстық зерттеу жасалды.
Естеріңізге сала кетсек, Ашық есік күні «Розовый октябрь» сүт безі қатерлі дертіне қарсы күрес күніне орай өткізілді. Қазан айының соңғы сенбісі, яғни, 29 қазанда Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтеді.