
Ағымдағы жылдың қазан айының басынан Балқаш ауданы бойынша тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны басталды. ЖРВИ қарсы Балқаш ауданына 3674 доза вакцина сатып алынды. Жалпы өңір бойынша вакцинамен халықтың шамамен 10%-ын қамту жоспарда бар.
Бұл вакцина тұмаудың алдын алуға арналған. Ол тұмауға қарсы жоғары иммунитетті қалыптастырады және балалар мен ересектер арасында төзімділігі жоғары. Вакцина алғаннан кейін адам денесінде антиденелер 8-12 күнде пайда болады, иммунитет 12 айға дейін сақталады.
Вакцинаның 1 дозасы 981, 35 теңгеге бағаланады. Балқаш вакцинациялау науқаны басталғалы бері бір аптаның ішінде 1100 тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны 3 қазан күні басталған болатын. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен вакцинацияны халықтың осал топтары алады. Бұл санатқа медицина қызметкерлері; медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарынан, сәбилер үйлерінен және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша балалар жатады.
Ресми дерекке сүйенсек, жыл сайын әлем халқының 15% - ы тұмаумен ауырады.