
Қарасай көпсалалы ауруханасына "жіті ішек өтімсіздігі" диагнозымен 71 жастағы ер адам түсті. Егде жастағы науқастың өміріне қауіп төнгендіктен, зейнеткерге дәрігерлер шұғыл ота жасаған.
"Лимфа дисекциясымен тік ішектің экстрипациясы - бұл оңай операция емес, онда арнайы техника қолданылады.Операция үш сағатқа созылды. Сонымен қатар, операция кезінде науқаста тік ішек қатерлі ісігі анықталды. Мұндай операцияны тек тәжірибелі мамандар ғана жасайды. Ота кезінде қатері ісі бауырға қарай кеткені белгілі болды. Алайда хирургтар командасы сәтті ота жасап шықты,— деп бөлісті операция жасаған хирург Мәулен Малғаждаров.
Дәрігерлер пациенттің денсаулығы жасқарып келетінін айтты. Жақын күндері пациентті ауруханадан шығаруды жоспарлап отыр.