Алматыда онкологтардың халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті

Алматыда онкологтардың халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы өтті

Алматы қаласында 22-23 қыркүйекте  «Онкологияның заманауи мектептері мен өзекті мәселелері» тақырыбында  халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

Конференцияда онкологтар өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік және қуықасты безі обыры бойынша клиникалық жағдайларды талқылады.

Іс-шараға 300-ден астам жақын және алыс елдерден онколог, сәулелелі диагностиктер мен терапевтер, ядролық медицина мамандары қатысты.

ҚР онкологтар мен радиологтар қауымдастығы мен  Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға  Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлы бастаған бірқатар онкологтар қатысты. Аталған клиниканың онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Макаров Валерий Анатольевич «Непосредственные и отдаленные результаты хирургического лечения больных НМРЛ» тақырыбында баяндама жасады.  Баяндамада онкологиялық ауруға шалдыққан  пациенттердің өмір сүру сапасын арттыру бойынша тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ онколог  Алматы облысында обырмен сырқаттанушылық деңгейі мен аурудың ерекшеліктерін атап өтті. Конференцияда мамандар түрлі дене бөлігіндегі ісікті анықтау, емдеу бойынша мастер класс өткізіп, пікір алмасты.

Сонымен қатар іс-шарада фармацевтикалық препараттар мен медициналық техника өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды.