Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлеріне сегіз шабуыл жасалды

Алматы облысында жедел жәрдем қызметкерлеріне сегіз шабуыл жасалды

Алматы облысында қаңтар-тамыз айларында жедел медициналық көмек қызметкерлеріне сегіз шабуыл жасалды. Азаматтар құқық бұзушылықтарды негізінен алкогольдік немесе есірткі әсерінен масаң күйде жасайды.

"Мысалы, пациенттер немесе олардың туыстары медицина қызметкерлерін суық қару немесе атыс қаруымен қорқытып,  есірткі жасауды талап еткен жағдайлар тіркелген. Алкогольдік масаң күйде және пациенттің агрессиялық көзқарастағы туыстары медициналық көмек көрсетуге кедергі келтіру мақсатында жедел жәрдем автокөлігін зақымдаған жағдайлар орын алған. Сондай – ақ, науқас алкогольдік масаң күйде алғашқы көмек көрсетуге кедергі келтірген - ол былапыт сөйлеу арқылы күрек, айыр лақтырған және санитарлық автокөліктің алдыңғы шынысын сындырған", - дейді Алматы облысының жедел және шұғыл жәрдем станциясы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Юлия Эккель.

Ол сондай-ақ науқастың туысы фельдшерге шабуыл жасап, соның салдарынан бас-ми жарақатын, бас-ми шайқалуын алған жағдай болғанын атап өтті.

"Сондай-ақ, науқастың күйеуі фельдшерді ұрып-соғып, нәтижесінде радиус сынуы болды. Мұндай жағдайлар көбейіп келеді. Айта кету керек, фельдшерлер арасында шабуыл кезінде физикалық қарсылық көрсете алмайтын жас нәзік қыздар бар. Әр жолы шабуылдар көбейеді. Біз көмек көрсетуге келеміз, ал біздің қызметкерлерімізді қорлайды. Алайда, қауіптің болуына қарамастан, қызметкерлер өміріне қауіп төнген жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетеді. Егер фельдшер науқас немесе оның туысы күткендей әрекет етпесе, онда агрессия жиі пайда болады", - деп қосты Юлия Эккель.

Өңірдің жедел медициналық жәрдем баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыда аталған барлық фактілер бойынша облыстық полиция департаменті ҚР Заңына сәйкес шаралар қабылдады.