Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиникада Ашық есік күні өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары 20 қыркүйек – Халықаралық гинекологиялық қатерлі ісік туралы ақпараттандыру күніне орай Ашық есік күнін өткізді. Алматы қаласы мен облыс тұрығындары онкогинеколог, онкомаммолог, онкогематологтың тексеруінен өтіп, жетекші мамандардан кеңес алды.   Сонымен қатар  дәрігерлер тұрғындарға ультрадыбыстық зерттеу жасап, қатерлі дерттің алдын алудың жолдары туралы ақпарат берді.

Ашық есік күні 41 тұрғын тексеруден өтіп, 2 адамнан қатерлі дерттің белгілері анықталды.

Негізінде гинекологиялық ісіктер жатыр мойнында, жатырдың шырышты қабығында, аналық безінің денесінде, вульвада пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар эндометриялық қатерлі ісік, қынап ісігі, сүт безі обыры бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні жатыр мойны обыры. Жатыр мойны обырының алғашқы белгілері - контактілі қан кету. Сондай -ақ, жатыр мойны обыры іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну түрінде көрінуі мүмкін. Зәр шығару ықтималдығы жиілеуі мүмкін, люмбосакральды аймақта түнгі ауырсыну пайда болуы мүмкін.

Ауруды жіберіп алмау үшін әйелдер уақытында жоспарлы скринингтен өтіп, аурудың белгілері пайда болған жағдайда дәрігерге баруды кейінге қалдырмауы қажет.