
Бүгінгі күні Алматы облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 722 287 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 88,6% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 697 918 азамат немесе 85,6% алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 12 қыркүйектегі статистика бойынша өңірде ревакцинация курсынан 338408 адам өтті, яғни 63,2%. Оның ішінде 77608 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакцинацияланды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 111018 адамды құрайды, оның ішінде 87530 жасөспірім, 3605 жүкті әйел және лактация кезеңінде 12508 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 106431 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер- 84915, 3416 жүкті және 12214 бала емізетін әйелдер.