Клиника мамандары жарты жылда атқарылған жұмыстар бойынша семинар-кеңес өткізді

Клиника мамандары жарты жылда атқарылған жұмыстар бойынша семинар-кеңес өткізді

Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың мамандары клиникада жарты жылда атқарылған жұмыстар бойынша семинар өткізді. Семинарда дәрігерлер тұрғындарды скринингтен өткізу, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, алдын алу бойынша есеп берді. Сонымен қатар қатерсіз ауруларды атап айтқанда әйел адамдар арасында жиі кездесетін  мастопатия   ауруын жергілікті ауруханаларда емдеу туралы мәселелерді қарастырды. Облыста онкологиялық ауруға шалдыққан адамдар санының артуына байланысты клиника дәрігерлерінің жүктемесі де артты. Осыны ескере отырып, қатерсіз ауруларды жергілікті емханаларда емдеу әдістерін талқылады.

Мастопатия - сүт безінің қатерлі дисплазиясы-эпителий мен дәнекер тінінің компоненттерінің арақатынасының қалыптасуымен және сүт безінде талшықты, цистикалық, пролиферативті сипаттағы өзгерістердің пайда болуымен сипатталады. Патология әйелдердің 30-40% - ында кездеседі және көбіне ауруға  40-45 жасқа келген әйелдер шалдығады.

 

Мастопатияның негізгі белгілері:

* Ауырсыну.

* Сүт безінің тығыздалуы.

* Емшек ұшынан сұйықтықтың бөлінуі. Сұйықтықтың түсі  мөлдір немесе босанғанға дейін және олардан кейін бөлінетін уыз сұйықтығына ұқсауы мүмкін. Кейін сұйықтық түсі сарыдан қоңырға дейін және сұрға дейін өзгеруі мүмкін. Әдетте, сұйықтық бірнеше түтіктерден шығады.