
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады.
Президент Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы ақпаратпен, сондай-ақ өңірдің стратегиялық даму жобасымен танысты.
Құжат екі кезеңде – 2025 жылға дейін және 2030 жылға дейін іске асыру болжанып отырған бес негізгі бағытты қамтиды. Орта мерзімді перспективада инвестициялардың 455-тен 686,5 млрд теңгеге дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда. Ол үшін инвестициялық портфель құрылады, ол жалпы сомасы 618 млрд теңгеге 132 жобаны қамтиды. Оларды іске асыру 7 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы агломерациясының өңіраралық жоспарын іске асыру мақсатында инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым жүргізу көзделген.
Сондай – ақ, Мемлекет басшысына өңірдегі өзекті мәселелердің бірі-үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешілетіні айтылды. Облыста үш ауысымды мектептер саны көп екенін ескере отырып, "жайлы мектеп" жобасы аясында 2025 жылға дейін 51 мектеп салу жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс орталығында жетекші жоғары оқу орындары мен колледждердің, дарынды балаларға арналған мектеп-лицейдің, Gate District ғылыми-білім беру аймағы мен G4 City аумағында медициналық хабы бар филиалдарын ашу күтілуде. "Білімді ұлт" ұлттық жобасын жүзеге асыру 11 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік береді.
Әкімнің мәліметінше, өңірде 38 медициналық нысанның, оның ішінде облыс орталығында 500 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы белгіленген.
Алматы облысының экономикасын дамытудың негізгі драйверлері өңдеу секторы, АӨК, көлік және логистика, туризм болады. Бүгінгі таңда өңірде 2626 жұмыс орнын құрумен құны 290 млрд. теңгеге 23 жоба іске асырылуда. Аграрлық салада 210 млрд теңге сомасына 3330 жұмыс орнын құрумен 78 жоба іске асырылуда. Бұл саладағы жобалар облыстың барлық аудандарын қамтиды. Сондай-ақ туризм саласында да үлкен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, туристердің Елеулі легі Алматы облысында орналасқан ұлттық парктерге тартылуда.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, облысты дамытудың стратегиялық жоспарымен жұмысты жалғастыруды тапсырды
Дереккөз: 716.kz