
Балалар жылы аясында Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына Нұрсұлтан қаласының кардиолог дәрігері келді. Ахмолдаева Әсия Ақылбекқызы «Ұлттық ғылыми медицина» орталығында жұмыс істейді.
«Елімізде кардиологиялық, кардиохирургиялық және аритмогендік патологиясы бар балалар жиі кездеседі. Мұндай диагнозды ерте кезеңде анықтап және оның алдын алу маңызды. Сондықтан балалардың денсаулығын жиі тексеріп отыру қажет», - деді ол.
Айта кетейік, білікті маман 35-тен астам сәбиді қабылдап, ата-аналарға қауіпсіздік шаралары мен патологияның алғашқы белгілері туралы кеңес берді.
Ашық есік күндері Қарасай аудандық ауруханасының басшыларының ниетімен болды. Ұйымдастырушылар балаларға арналған акцияларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.
«Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында біздің өңірге білікті маманды шақырдық, кардиолог дәрігерден басқа Қазақстанның түрлі қалаларынан мамандарды да шақырғымыз келеді, балалар үшін бейінді медициналық көмек қолжетімді болуы үшін барлық байланыстарды реттегіміз келеді» - деді аурухананың бас дәрігері Дәурен Малғаждаров.
Жалпы, ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары шалғай аудандарға, елді мекендерге үнемі барып тұрады және тұрғындарға қолжетімді медициналық көмек көрсетеді.