Онкологтар білім жетілдіру курсынан өтті

Онкологтар білім жетілдіру  курсынан өтті

Талдықорған қаласындағы Облыстық көпсалалы клиника қызметкерлері «Онкологиялық ауруды ерте анықтау және алдын алу» тақырыбы бойынша арнайы курстан өтті.  

Облыстағы терапевт, онколог және жалпы тәжірибелі дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру мақсатында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы 60 сағаттық арнайы курс ұйымдастырды. Облыстық көпсалалы клиниканың базасында өткен сабақты  С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің мамандары өткізді. Облыс дәрігерлері арнайы бағдарлама негізінде онкологиялық ауруды ерте анықтаудың жолдары мен алдын алу жұмыстары негізінде білімдерін толықтырып, мамандардың кеңесін алды.

 

Онкологиялық аурудың алдын алу жолдары:

  • шылым шегуді доғару;
  • табиғи өнімдерді пайдалану;
  • тұрақты түрде спортпен шұғылдану және өзінің оптималды дене салмағын сақтау;
  • тұрақты түрде медициналық профилактикалық тексерулерден өтіп тұру.