Шетелдік дәрігерлер Жетісудың 750-ден астам тұрғынын тексеруден өткізді

Шетелдік дәрігерлер Жетісудың 750-ден астам тұрғынын тексеруден өткізді

Жетісу облысына Оңтүстік Кореядан дәрігерлер келді. Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухана базасында шетелдік мамандар өңір тұрғындарына  кеңес беріп,  тексеруден өткізді.

Көшпелі топты оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы "Хэндэ" медициналық орталығының өкілдері басқарды.

Ортопед, хирург, травматолог, невролог және нейрохирургтен құраалған шетелдік мамандар осымен үшінші рет Талдықорған қаласына келіп, тәжірибе алмасып отыр.  

- Науқастарды қабылдау үшін қаланың көпсалалы ауруханасында 10 арнайы жабдықталған кабинет бөлінді. Шетелдік дәрігерлер бүкіл өңірдің 750-ден астам тұрғынын тексерді.  Сонымен қатар шетелдік дәрігерлер көпсалалы клиникада  жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен  30 - дан астам операция жасады, - деді аурухана директоры Молдақұлов Жұмахан Мұқашұлы.

Айта кетейік, бірлескен жұмыс туралы екі елдің дәрігерлері Меморандумға 2018 жылы қол қойған болатын.  Осы уақыттан бастап екі ірі медициналық ұйым тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар  Жетісу облысының дәрігерлері Кореядағы конференциялар мен оқу - тәжірибелік сабақтарға жиі қатысады. Ағымдағы жылы біліктілікті арттыруға төрт маманды жіберу жоспарланған.