
Конституция күніне орай Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы аудандық ауруханаларға көмек көрсету және консультативтік-практикалық мәлімет беру мақсатында Алматы облысының шалғай елді мекендеріне баруды жоспарлады.
Көшпелі топтың құрамында кардиолог, невропатолог, жақ-бет хирургі, ЛОР дәрігері, офтальмолог, травматолог және хирург бар.
Бірінші елді мекен- Балқаш аудандық орталық ауруханасы. Мұнда дәрігерлер 60-қа жуық адамды тексерді, олардың 15-іне МӘМС бойынша стационарлық емделуге жолдама берілді.
Сонымен қатар, сапар мақсаты Алматы облысының тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолжетімді ету болып табылады.