
Бүгінгі таңда Жетісу облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 316 582 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 82,3% - ын құрайды. Ал екінші компонентті – 305 144 азамат немесе 79,3% алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 25 шілдедегі статистика бойынша өңірде ревакцинация курсынан 131 136 адам өтті, яғни 60%. Оның ішінде 28 819 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакцинацияланды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 34941 адамды құрайды, оның ішінде 24677 жасөспірім, 1071 жүкті әйел және лактация кезеңінде 5269 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 32577 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер-23402, 967 жүкті және 4939 бала емізетін әйелдер.