Алматы облысы халқының 62% - дан астамы ревакцинация курсынан өтті

Алматы облысы халқының 62% - дан астамы ревакцинация курсынан өтті

Бүгінгі күні Алматы облысында вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 719 966 адамға жетті, бұл иммундауға жататын ересек тұрғындардың 88,3% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 691 121 азамат немесе 84,8% алды.

Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 25 шілдедегі статистика бойынша өңірде ревакцинация курсынан 298 339 адам өтті, яғни 62,5%. Оның ішінде 76 827 адам Pfizer-ден Комирнати вакцинасымен қайта вакцинацияланды.

Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда. Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 110745 адамды құрайды, оның ішінде 86537 жасөспірім, 3614 жүкті әйел және лактация кезеңінде 12517 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 106 060 азамат алды. Оның ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер-83551, 3395 жүкті және 12128 бала емізетін әйелдер.