Балқаш ауданында соңғы тәулікте 3 адам тіркелді

Балқаш ауданында соңғы тәулікте  3 адам тіркелді

Пандемия басталғаннан бері Балқаш ауданында КВИ-дің 1309 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы екі аптада Балқаш ауданында КВИ өсу қарқыны -0,2% өсті. Соңғы тәулікте  ауданда 3 адам тіркелген. Жалпы стационарда 7 адам ем қабылдап жатыр.

Бүгінгі күні Балқаш ауданында вакцинаның бірінші дозасын алғандар саны 17727 адамға жетті, екінші компонентті 17295 адам алды. Ревакцинация курсынан өткендердің саны-12539.

Санитариялық-эпидемиологиялық көрсеткіштерді жақсарту және коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін өңірде халықты вакцинациялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңір тұрғындары вакцинаны 219 стационарлық егу кабинетінен ала алады, сондай-ақ, облыс аудандарындағы 39 жылжымалы пункт жұмыс істейді. 

Соңғы тәулікте  облыста COVID-19 55 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Алматы облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары үш вирусқа қарсы препараттан вакцинаны таңдай алады, олар "Qaz Covid-in"," Sinopharm Vero Cell " және Comirnaty/