
11 шілде күнгі жағдай бойынша облыста барлығы 84 адамнан инфекция жұқтыру жағдайы анықталды. Бұл жөнінде Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Джансенгиров брифингте мәлімдеді.
Пандемия басталғаннан бері барлығы облыста 35 940 коронавирус ауруы тіркелді. Оның ішінде 27 264 адамнан КВИ белгілері анықталды. Жалпы облыста 35 581 адам вирустан емделіп шықты.
2022 жылдың 11 шілде күнгі жағдай бойынша облыста барлығы 84 адамнан инфекция жұқтыру жағдайы анықталып, оның ішінде соңғы тәулікте -16 жағдай тіркелді.( симптомсыз – 11, симптомдармен – 5).
Қазіргі уақытта барлығы 69 адам медициналық бақылауда. Стационарлық емдеуде 32 адам, симптомсыз және жеңіл түрімен үй жағдайында 37 адам ем қабылдауда. Барлық 140 төсек – орынның жүктемесі-22,9% құрап отыр. Реанимация бөлімдерінде пациент жоқ.
Облыста жалпы қуаты 9 мың зертханалық зерттеу жасауға мүмкіндігі бар 18 зертхана жұмыс істейді
12.07.2022 ж. жағдай бойынша ПТР әдісімен 1 394 972 адам зертханалық тексеруден өтті.
2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облыста 18 жастан асқан тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталды.
Жетісу облысында 384 750 адам вакцинациялауға жатады. Тұрғындардың 83% вакцинаның -1 компонентін(320 238 адам), 80% (307 358 чел.) - 2 компонентін салдырды. Ревакцинациядан өтуге тиісті 213 945 адамның 127 702-і екпе алды.
Комирнати (Пфайзер) вакцинасын- 71 930 адамнан 34 827 адам (43%) (оның ішінде жүкті әйелдер-1069, лактация кезеңінде әйелдер – 5262, 12-17 жастағы жасөспірімдер – 24 649, басқа санаттар-3847 адам) алды.
Комирнати(Пфайзер) вакцинансының 2 компонентін - 31 421 адам (оның ішінде жүкті әйелдер – 950, лактация кезеңінде әйелдер – 4880, 12-17 жастағы жасөспірімдер – 23 056, басқа санаттар – 2535 адам) алды.
Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жасау үшін 147 егу пункті, 27 мобильді бригада, 8 жылжымалы медициналық кешен іске қосылған.
Бүгінгі күні вакцинаны сақтауға арналған 77 мұздатқыш камераның 2-і ультра төмен температурадағы мұздатқыш. Сонымен қатар 131 термоконтейнер бар (АВТО мұздатқыштар).
Облысқа I компоненттің 475 033 дозасы және II компоненттің 356 309 дозасы және 120 648 доза Комирнати вакцинасы жеткізілді. Медициналық ұйымдарға екі компоненттің 951 990 дозасы, 120 648 доза Комирнати вакцинасы таратылды. Қазіргі таңда қоймада 5016 доза Комирнати вакцинасы бар.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары үшін вирусқа қарсы препараттардың үш түрі қолжетімді: "QazCovid-in", "SinopharmVeroCell" және Comirnaty (Pfizer).