
Пандемия басталғаннан бері өңір бойынша коронавирустық инфекцияның 69 599 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте Балхаш ауданында 4 және Панфилов ауданында 1 жағдай тіркелді. Облыстар "жасыл" аймақта орналасқан.
Сонымен қатар, Алматы және Жетісу облыстарында 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда өңірлерде 366 вакцинация пункті және 67 жылжымалы пункт жұмыс істейді.
2022 жылдың 4 шілдесіндегі жағдайы бойынша Алматы облысынан 726 613 адам вакцинаның бірінші дозасын алды, бұл иммундауға жататын ересек халықтың 89,2% - ын құрайды. Екінші компонентті 689 613 азамат алды.
Сондай-ақ, Жетусу облысының 319 476 тұрғыны бірінші компонентпен егілді. Екінші компонентті 304 811 азамат алды.
Қазіргі уақытта екі облыстың тұрғындары үшін вирусқа қарсы препараттардың үш түрі қолжетімді, олар "QazCovid-in", "SinopharmVeroCell" және Comirnaty (Pfizer).
Сонымен қатар, облыстарда жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. 4 шілдеге Жетісу облысының вакцинацияланған халқының саны 34 612 адамды құрайды, оның ішінде 24 620 жасөспірім, 1067 жүкті әйел және лактация кезеңінде 5261 әйел.
Алматы облысында 109 986 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасының алғашқы дозасын алды, оның ішінде 86 307 жасөспірім, лактация кезінде 12 496 әйел және 3601 жүкті әйел.
Жетісу облысының 126 097 тұрғыны мен Алматы облысының 286 838 азаматы ревакцинация курсынан өтті.