
Коронавирустық инфекцияның таралу қарқынының төмендеуіне қарамастан, Алматы облысында халықты вакцинациялау жалғасуда.
Мәселен, бүгінгі күні облыста вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 1 045 937 адамға жетті, бұл иммундауға жататын халықтың 87,2% - ын құрайды. Ал екінші компонентті 993 688 азамат немесе 82,8%-ы алды.
Сонымен қатар, облыста ревакцинация бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
24 маусым күнгі статистика бойынша облыста ревакцинация курсынан 412819 адам немесе 60,8%- ы өтті. Оның 99489 – ы Pfizer компаниясының Комирнати вакцинасын алды.
Осы вакцинамен иммундау жұмыстары жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында да жалғасуда.
Бүгінгі таңда вакцинацияланған халық саны 143880 адамды құрайды.
Оның ішінде 110793 жасөспірім, 4660 жүкті әйел, лактация кезеңіндегі – 17750 әйел. Вакцинаның екінші компонентін 131682 азамат алды. Оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 103577, 4224 -жүкті және 16766 бала емізетін әйелдер.