Облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары Стамбул қаласында өткен тренингке қатысты

Облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары Стамбул қаласында өткен тренингке қатысты

Облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары алғаш рет құрамында рентген-эндоваскулярлық хирургияның меңгерушісі Хусан Фуркатұлы Исманов , кардиохирургияның меңгерушісі Нұрбол Сейітбекұлы Есалиев, анестезиолог-реаниматолог Нұрлан Дәулетханұлы Шотанбеков, Удз докторы Гүлнар Аманболқызы Демесинова, кардиолог аритмолог Тимур Нұрланұлы Темірбеков бар мультидисциплинарлық командамен эндоваскулярлық қақпақшаның Транскатеторлық имплантация негіздерін оқыту бойынша тренингке қатысты. Тренинг Түркияның Стамбул қаласында Медтроник кеңсесінің симмуляциялық орталығы базасында өтті. Тренинг бағдарламасы теориялық және практикалық дағдыларды алуды қамтыды. Алынған дағдылар мен негіздер аорта қақпақшасының стенозы бар пациенттерге қажет, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір арттырады. Оқыту біздің өңірде инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған. Мамандар халықаралық сертификаттар алды!