
Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми зерттеу орталығының мамандары Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында өңір тұрғындарын қабылдады. 2 күн бойы гепатолог-гастроэтеролог мамандар бауыр, ішек қабыну ауруы бар науқастарды қарады.
Қазіргі заманғы медицинаның өзекті мәселелерінің бірі асқазан-ішек жолдарының аурулары болып табылады. Олардың пайда болуына бірқатар факторлар әсер етеді, дейді мамандар. Бұл дұрыс тамақтанбау, жаман әдеттерді теріс пайдалану, газдалған сусындарды ішу және тағы басқалар. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының білікті мамандары асқазан-ішек ауруларын емдеуде замануи әдістерді қолданады. Екі күн бойы озық клиниканың дәрігерлері Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының қабырғасында өңір тұрғындарын қабылдады.