Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Үздік Денсаулық сақтау басқармасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы «Үздік Денсаулық сақтау басқармасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты республикалық конкурстың «Үздік Денсаулық сақтау басқармасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен қатар аталған байқауда Денсаулық сақтау басқармасының сайты «Үздік сайт» номинациясы бойынша марапатталды.

 

10 номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттау Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында өтті. Конкурсқа 40-тан астам денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде өңірлік денсаулық сақтау басқармалары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, ғылыми орталықтар мен медициналық ЖОО, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің аумақтық департаменттері қатысты.

 

Іс-шара Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының ұйымдастыруымен, сондай-ақ "Алау" оңалту орталығының қолдауымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осындай маңызды іс-шараны 2015 жылдан бастап жыл сайын жүзеге асырып келеді.