Алматы облысында "Балаларға күлкі сыйла" акциясы аясында 80-ге жуық бала стоматолог қызметтерін тегін алды

Алматы облысында  "Балаларға күлкі сыйла" акциясы аясында 80-ге жуық бала стоматолог қызметтерін  тегін алды

Балаларды қорғау күні аясында Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының облыс бойынша филалы стоматологиялық клиникалармен бірлесіп "Балаларға күлкі сыйла" акциясын өткізді.

Осылайша, көпбалалы отбасыдан шыққан және мүмкіндігі шектеулі 78 бала білікті стоматолог мамандардың қызметіне тегін жүгінді.

Бұл шараға Талдықорған қаласы және Қарасай ауданының 6 астам стоматологисы қатысты.

Өз қаражатына балалардың  тісін емдеген жеке стоматологиялық клиникалардың арасында ЖК «Кальменов Ж.О.», ЖШС «Кудермед», ЖШС «Сатымбай», ЖК Хасанов Стоматология «Sofi» және ЖК Долманов Ж.А. Стоматология «Маржан тіс» бар.

Аталған акция "Балалар жылы" қарсаңындағы Ашық есік күні аясында ұйымдастырылып отырғанын айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек, Талдықорған қалалық №1 емханада Ашық есік күнінде жоғары білікті педиатр, невропатолог, эндокринолог, отоларинголог, офтальмолог, хирург, травматолог, кардиолог, стоматолог, психолог, логопед,  функционалды диагностика мамандары балаларға қабылдау өткізді.

Акция аясында 300-ден аса бала дәрігерлердің қарауынан өтті.

Осындай шараның басты мақсаты денсаулықтағы ауытқуларды анықтау, сондай-ақ кез-келген аурудың асқынуының алдын алу болып табылады.

Айта кетейік, Алматы облысында  "Балаларға күлкі сыйла" акциясы

16 маусымға дейін жалғасады.