Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері балаларды қорғау күніне орай ауруханада Ашық есік күнін өткізді. Ашық есік күніне келген балаларды аниматорлар күтіп алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ауруханада балалар невропатолог, хирург, травматолог, гематолог, педиатр мамандарының тексеруінен өтті. Сонымен қатар аурухана қызметкерлері балалар бөлімінде емделіп жатқан бүлдіршіндерді де құттықтап, сыйлық берді. Ашық есік күніне келген ата-аналар да балаларға жылы лебіздерін білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Бейінді мамандардың тексеруінен өткен балаларға медицина қызметкерлері сыйлық табыстады.
Еске сала кетейік, 1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы "Дүниежүзілік балалар күнін" барлық елде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы 20 қарашада Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.